КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫ » КГУ Барак батырская ОСШ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Барақ батыр орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72343) 2-10-86
Есепші бөлімі:
+7(72343) 2-10-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫ
“Үздік оқырманы” атанған 7-сынып оқушысы Құрманханқызы Нәрлім марапатталды.
22
июнь
2026
“Үздік оқырманы” атанған 7-сынып оқушысы Құрманханқызы Нәрлім
2025-2026 оқу жылдың “Үздік оқырманы” атанған 7-сынып оқушысы Құрманханқызы Нәрлім марапатталды. Ол кітап оқуға деген ерекше қызығушылығымен, білімге құштарлығымен және жан-жақтылығымен ерекшеленіп, оқырмандар арасында үздік деп танылды. Нәрлімге алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, білім мен кітап әлемінде талмай іздене беруіне тілектеспіз
Оқулықтарды толық   жиналды
25
май
2026
Оқулықтарды толық жиналды
Оқулықтарды жинап болдық, енді оларды тазалап, келесі оқу жылына дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бұл — кітаптарды ұқыпты сақтап, болашақ оқушыларға таза күйінде жеткізуге бағытталған маңызды іс ​https://www.instagram.com/reel/DYphc9CNFMS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
1-сынып оқушысы, кішкентай бүлдіршініміз Айбарқызы Азима мен асыл әжеміз Сарбасова Алма «Үздік оқырман отбасы» номинациясын иеленді! 🏆
11
май
2026
1-сынып оқушысы, кішкентай бүлдіршініміз Айбарқызы Азима мен асыл
1-сынып оқушысы, кішкентай бүлдіршініміз Айбарқызы Азима мен асыл әжеміз Сарбасова Алма «Үздік оқырман отбасы» номинациясын иеленді! 🏆 Әжесінің ертегісін тыңдап өскен Азима бүгінде кітапхананың ең тұрақты оқырманына айналды. Бұл марапат — тек кітап оқудың ғана емес, ұрпақтар сабақтастығы мен тәрбиенің жемісі. Кітап оқитын бала — ойлы бала. Әр үйден кітаптың иісі аңқып, балаларымыз білімге құштар болсын!
Дауыстап оқу іс-шарасы
02
май
2026
Дауыстап оқу іс-шарасы
Дауыстап оқу іс-шарасы 4-сыныпта ұстазы Каканова Р. С жетекшілігімен өтті. Іс-шара барысында оқушылар мәтінді мәнерлеп, дұрыс әрі анық оқуға дағдыланып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттырды. Олар өз ойларын еркін жеткізіп, тыңдау мәдениетін де көрсете білді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың оқу дағдысын дамыту, сөздік қорын байыту, мәнерлеп оқу қабілетін жетілдіру және кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.
"23 сәуір - Ұлттық кітап" күніне орай кітапханада тағылымды әрі әсерлі іс-шара ұйымдастырылды.
23
апрель
2026
"23 сәуір - Ұлттық кітап" күніне орай кітапханада тағылымды әрі
"23 сәуір - Ұлттық кітап" күніне орай кітапханада тағылымды әрі әсерлі іс-шара ұйымдастырылды. Кітапханаға жиі келіп, кітап оқуды әдетке айналдырған кішкентай оқырмандар – Рахметолла Айзере мен Айбарқызы Азима өздерінің білімге деген құштарлығын көрсетіп, сүйікті кітаптарын қызыға оқып, уақыттарын мәнді де пайдалы өткізді. Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, рухани дүниесін байыту және кітап оқуға баулу.
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні орай кітапханада танымдық әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді.
02
апрель
2026
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні орай кітапханада танымдық
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні орай кітапханада танымдық әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты: жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың рухани дамуына ықпал ету және көркем әдебиет арқылы дүниетанымын кеңейту болды. Сонымен қатар, балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, кітапқа деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру көзделді. Шара барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, түрлі әдеби
Көктемгі демалыс кезінде «Каникулда кітап оқимыз» атты іс-шара өтті.
24
март
2026
Көктемгі демалыс кезінде «Каникулда кітап оқимыз» атты іс-шара өтті.
Көктемгі демалыс кезінде «Каникулда кітап оқимыз» атты іс-шара өтті. Аталған шара барысында оқырман Құрманхан Нәрлім Льюис Кэрроллдың «Алиса тылсым әлемінде» атты шығармасын оқып, мазмұнын баяндап берді. Іс-шараның мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту және шығармашылық қабілеттерін дамыту. ​https://www.instagram.com/reel/DWJlt3ejZnq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Кітапханада "Қазақ халқының ру атаулары" атты тәрбиелік сағат өтті.
05
март
2026
Кітапханада "Қазақ халқының ру атаулары" атты тәрбиелік сағат өтті.
Кітапханада "Қазақ халқының ру атаулары" атты тәрбиелік сағат өтті. Іс-шара мақсаты : Оқушыларға қазақ халқының ру атаулары туралы түсінік беру, ата-бабасының шығу тегін білуге үйрету. Ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттыру, салт-дәстүрді құрметтеуге және елін, жерін сүюге тәрбиелеу. ​https://www.instagram.com/reel/DVgO4FljSmp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Жамбыл Жабаевтің туғанына 180 жыл толуына орай мектебіміздің кітапханасына кітапхана сағаты өтті.
02
март
2026
Жамбыл Жабаевтің туғанына 180 жыл толуына орай мектебіміздің
Поэзия алыбы - Жамбыл Жабаевтің туғанына 180 жыл толуына орай мектебіміздің кітапханасына кітапхана сағаты өтті. Оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат берілді. ​https://www.instagram.com/reel/DVY3dWSDbPL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
«Кітапханаға шын жүректен кітап сыйла» атты акция өтті.
25
февраль
2026
«Кітапханаға шын жүректен кітап сыйла» атты акция өтті.
«Кітапханаға шын жүректен кітап сыйла» атты акция өтті. Іс - шараға даярлық сыныбы, 2,3,4,5,6 сыныптар қатысты. Жарайсындар балалар. Іс-шараның мақсаты: – Кітапхана қорын жаңа кітаптармен толықтыру; – Оқушыларды кітап оқуға баулу және қызығушылығын арттыру; – Кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру: – Қайырымдылыққа, жомарттыққа тәрбиелеу. ​https://www.instagram.com/reel/DVMFD83Ddb5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 16 Вперед