КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫ » Страница 2 » КГУ Барак батырская ОСШ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Барақ батыр орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72343) 2-10-86
Есепші бөлімі:
+7(72343) 2-10-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Шын жүректен кітап сыйла”
14
февраль
2026
“Шын жүректен кітап сыйла”
14 ақпан – “Шын жүректен кітап сыйла” күніне орай кітапханада ерекше мазмұнды іс-шара өтті. Бұл шараның басты мақсаты – оқушылар мен оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға ынталандыру және кітап сыйлау арқылы мейірім мен жылулықты насихаттау. Іс-шара барысында қатысушылар кітап сыйлап, өздері оқыған кітаптартуралы ой бөлісті. ​https://www.instagram.com/reel/DU4rwyniM-l/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Кітап оқу
09
февраль
2026
Кітап оқу
Оқушылардың қазақ әдебиеті кітаптарына деген қызығушылығын арттыру, шығармаларды ойын түрінде үйрету арқылы оқуға ынталандыру, кітап оқуға баулу және әдеби шығармалардың мазмұнын терең түсініп, талдай білу дағдыларын дамыту. Іс-шараға 7-сынып оқушысы Рахметолла Айым қатысты. ​https://www.instagram.com/reel/DUiDedvjULW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай іс-шара өтті.
05
февраль
2026
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай іс-шара өтті.
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай іс-шара өтті. Іс-шараға 4-сынып оқушысы Әлібекқызы Тамирис және 7-сынып оқушысы Құрманханқызы Нәрлім қатысты. Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақын өлеңдері арқылы туған елге, тілге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Көркем сөзді мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, кітап оқуға қызығушылығын ояту және оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау.
Дауыстап оқу іс-шарасына 2 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Тлеубекова А қатысты.
22
январь
2026
Дауыстап оқу іс-шарасына 2 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері
Дауыстап оқу іс-шарасына 2 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Тлеубекова А қатысты. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, дауыстап әрі мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту, өз ойын еркін жеткізуге және сауатты сөйлеуге баулу. ​https://www.instagram.com/reel/DT0Pg_PDa9K/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
"Қыста оқы, ойлан, арманда"* атты іс-шара өтті.
01
январь
2026
"Қыста оқы, ойлан, арманда"* атты іс-шара өтті.
"Қыста оқы, ойлан, арманда"* атты іс-шара өтті. Қысқы демалыс уақытында Барақ батыр негізгі орта мектебінің кітапханасында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында әдеби-танымдық шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар қызықты кітаптармен танысып, еркін ой бөлісіп, армандары жайлы айтып берді. Олар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісіп, оқуға деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Мақсаты: балаларды кітап оқуға баулу, қиялын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру және бос
1-сынып оқушысы Толымқан Айназ қысқы демалыс уақытында анасымен бірге кітапханаға келіп, кітаптар оқиды.
29
декабрь
2025
1-сынып оқушысы Толымқан Айназ қысқы демалыс уақытында анасымен бірге
1-сынып оқушысы Толымқан Айназ қысқы демалыс уақытында анасымен бірге кітапханаға келіп, кітаптар оқиды. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың қысқы демалыс уақытын тиімді өткізу, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, отбасымен бірге кітапханаға келіп, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру. Балалар мен ата-аналар арасындағы рухани байланысты нығайту. ​https://www.instagram.com/reel/DSzu0vbjcDT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Мерзімдік басылымдарға шолу
06
ноябрь
2025
Мерзімдік басылымдарға шолу
Мерзімдік басылымдарға шолу Барақ батыр негізгі орта мектебінің кітапханасында оқушылар мерзімдік газет-журналдармен танысып, мерзімдік басылымдарға шолу жасады. 🔎 Мақсаты: Балаларды жаңалық ашуға, ақпарат іздеуге және білім көкжиегін кеңейтуге баулу. Кітапхана — тек кітап емес, білім мен жаңалықтың ордасы! ​https://www.instagram.com/reel/DQt3Jo1jbUL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Буккроссинг бұрышына 7 кітап сыйлады
05
ноябрь
2025
Буккроссинг бұрышына 7 кітап сыйлады
Барақ батыр негізгі орта мектебінің қызметкері, үздік оқырман әже Сарбасова Алма апай буккроссинг бұрышына 7 кітап сыйлады. Сізге алғысымыз шексіз. ​https://www.instagram.com/reel/DQrXZCMDVJI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​