«Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік» » КГУ Барак батырская ОСШ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Барақ батыр орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72343) 2-10-86
Есепші бөлімі:
+7(72343) 2-10-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік»
13
октябрь
2022

«Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік»

Қазақ қашанда қазыналы қартын құрметтеген. Туған елінің туын биік ұстауды мақсат тұтқан қазақ әрқашан еңбектеген баладан, еңкейген қартына дейін ұлықтауды ұлы дәстүрге айналдырып, өскелең буынға ұлағат етіп келеді. «Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік», - деп бекер айтылмаған. Осындай дәстүрлі тәжірибеден тәлім алған Барақ батыр негізгі орта мектебінің ұжымы алғашқы күннен қарттарын қадірлеп, үлкенін құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырып мерекеге орай ауылымыздың қарт адамдарын басын қосты. Мектептің акт залында Парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен қарияларымызға арналған мерекелік концерт қойылды. Мерекелік жиында мектебіміздің директоры Сагындыкова К А құттықтау сөз сөйлеп, қарияларымызды құттықтады.Мектеп ұжымы бірлесіп белсене қатысып, қарттарға сый-құрмет көрсетті.
Ауыл қарияларының басын қосқан бұл жиыннан үлкен де, кіші де ой түйіп қайтты деп ойлаймын. Қарттарға деген құрметіміз еш таусылмайды, игі істер жалғасын табады.