07
декабрь
2022
Мамандық таңдау.
https://www.instagram.com/p/Cl86YEOo0xO/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=loadingКөптеген адамдар үшін мамандық таңдау өте қиынға соғады. Оның бір себебі, адам өз іс – әрекеттері үшін жауапкершілікті өз мойнына алудан қорқады.Екінші жағынан, ол өзінің мүдделері мен мақсаттарына сәйкес болу үшін дұрыс шешім қабылдай алмауы мүмкін. Мамандық-бұл адамның физикалық және рухани күштерін қолданудың шектеулі саласы. Адамның мамандығы өмір сүру барысында дамудың қажетті құралдарын алуға мүмкіндік береді. Әлемде мыңнан астам мамандықтың түрі бар. Оларды мақсаттары мен еңбек жағдайларының белгілері бойынша бес түрге бөлуге болады: "Адам – табиғат», «адам – техника», «адам – адам», «адам – белгі», «адам – көркем образ». Осы топ ішінен кез-келген жас өмірліктаңдау жасауы керек болады. Таңдау жасау үшінмамандық адамға: біріншіден, қанағат, қуаныш әкелетін, екіншіден, қол жетімді; үшіншіден, адамдар мен қоғам қажетіне жарайтын болуы шарт.