02
март
2026
“Ата өнегесі – тәрбие бастауы”
Тақырыбы: “Ата өнегесі – тәрбие бастауы”
Бүгін мектепалды сыныбы мен 1-сынып оқушылары үшін “Даналық мектебі” жобасы аясында “Аталар мектебі” бағытында тағылымды кездесу өтті.
Қонаққа арнайы келген Серік ата мен Бек ата балаларға ұлттық салт-дәстүріміз, әдеп-ғұрпымыз туралы әсерлі әңгіме айтып, ата-бабамыздан қалған құндылықтарды насихаттады.
Ат әбзелдері, қамшының қасиеті және асық ойыны жайлы қызықты мәліметтермен бөлісіп, әр заттың тәрбиелік мәнін түсіндірді. Балалар ұлттық бұйымдарды қолмен ұстап көріп, сұрақтар қойып, ерекше қызығушылық танытты.
Осындай тағылымды кездесулер арқылы бүлдіршіндеріміз үлкенді сыйлауды, құрмет көрсетуді, ұлттық рух пен адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.
🤍 Ата – ұрпаққа үлгі, өнеге бастауы!
https://www.instagram.com/reel/DVbHntCDDBv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==